КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫРДА 3 400 ТОННАЛЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫРДА 3 400 ТОННАЛЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
КЕЛЕС: АЛПАМЫС БАТЫРДА 3 400 ТОННАЛЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында бірқатар іргелі жобалар іске асырылуда. Ақжол және Қауыншы елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда елді мекендердің ішкі су құбырларына қосу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізілген брифингте айтты.
Округтегі екі елді мекен 100 пайыз табиғи газбен қамтылған. Сонымен қатар, электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Көшелерді жарықтандыру бағытында өткен жылы Ақжол ауылына жарық шамдары орнатылып, биыл Қауыншы ауылында ұзындығы 3 шақырымнан асатын көшеге жарық жүргізілді.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар көшелерге асфальт төселіп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңайына балалар ойын алаңшалары орнатылып, көше бойлары мен арық жүйелері тазартылды.
Ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылы округ бойынша 1282 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Қауыншы ауылында қашыртқыларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңадан елді мекен шекарасына енгізілген аумақтарға инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталып кетті.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Ер-тайыр» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асыруда. Алғашқы 5 гектарға жүзім көшеттері отырғызылды.
Алдағы жылдары округ аумағында бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Қауыншы ауылында 2000 орындық спорт кешенін, ал Ақжол ауылында 149 орындық мәдениет үйі мен кітапхана салу көзделуде. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 3400 тонналық тоңазытқыш қоймасы, тігін цехы және 100 орындық балабақша құрылыстары бастау алды.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі