КЕЛЕС: ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ – ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Абай ауылының ішкі көшелерін аралап, абаттандыру бағытында нақты тапсырмалар берген болатын. Аудан басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Абай ауылында ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары басталып кетті.
Ауыл әкімі Асылбек Жұмановтың ұйымдастыруымен әкімдік аппараты мен қоғамдық ақылы жұмысшылар жұмылдырылып, ауыл ішіндегі жол жиегіндегі шөптер шабылып, бұталар мен ағаштар ретке келтірілді. Сонымен қатар, су өткізу арналары – арық жүйелері толықтай тазартылып, көшелер бойындағы инфрақұрылым реттелді.
Бұл жұмыстардың басты мақсаты – ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, тұрғындарға таза әрі қолайлы орта қалыптастыру болып табылады. Аталған іс-шара Келес ауданындағы алдағы уақытта өзге елді мекендерде де жалғасын табатын болады.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі