КЕЛЕС: БІРЛІКТЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС: БІРЛІКТЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ
КЕЛЕС: БІРЛІКТЕ ҚОҒАМДЫҚ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНАДЫ
Бірлік ауылдық округінің әкімі Әбдіжәміл Серікбаев жергілікті БАҚ өкілдеріне округтегі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Округке қарасты 7 елді мекенде 5759 тұрғын тұрады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарып, 3 мектеп, 4 балабақша, аурухана, ФАП, кітапхана, клуб жұмыс істеп тұр.
Ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қосөткел, Жаңатіршілік, Үшағаш елді мекендерінде су жүйелері жаңартылып, жаңа ұңғымалар қазылып, сүзгіштер мен резервуарлар орнатылуда. Бірлік ауылында су тапшылығына байланысты ескі ұңғымалар іске қосылды.
Электрмен қамту саласында Бірлік пен Жаңатіршілік ауылдарында трансформаторлар мен бағаналар жаңартылды. Биыл Бірлік пен Үшағаштағы ескірген желілерді ауыстыру жоспарланған.
Өткен жылдары 12 шақырым жолға шағал тас төселіп, 2,25 шақырымға асфальт салынды. Биылғы жылы 11 көше асфальтталып, бірнеше ауылда тротуарлар мен балалар ойын алаңдары салынады. Ардагерлер мен жастар аллеяларын салу жоспарланған.
Бірлік, Жаңатіршілік, Үшағаш, Қосөткел елді мекендеріне газ тарту жұмыстары қарқынды жүруде. Бірлік ауылында ішкі жүйенің құрылысы 95% аяқталды.
Ауыл шаруашылығы саласына 6 техника алынып, ағын судың жетіспеушілігін шешу үшін каналдарды тазалау және жаңа лоток салу жұмыстары жүргізілуде.
Жиын соңында журналистер тарапынан көтерілген өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, әкім нақты жауаптар берді. Халықты алаңдатқан мәселелер үнемі бақылауда болатынын айтып өтті.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі