КЕЛЕС: ОШАҚТЫДА ЖАҢА МЕКТЕПКЕ ЖЕР БӨЛІНДІ

КЕЛЕС: ОШАҚТЫДА ЖАҢА МЕКТЕПКЕ ЖЕР БӨЛІНДІ

КЕЛЕС: ОШАҚТЫДА ЖАҢА МЕКТЕПКЕ ЖЕР БӨЛІНДІ
Ошақты ауылдық округінің әкімі Мақсат Мырзамұратов биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Биыл округте инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп, 6 ауылда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Барлық 13 елді мекен ауыз сумен қамтылған, ал жаз мезгіліндегі тапшылықтың алдын алу үшін 3 ауылға су тазартқыш құрылғылар орнатылды.
Электр желілерін жаңарту жобалары дайындалып, 7500 метр көше жарығы орнатылды. Қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып, демеушілер көмегімен аркалар мен аллеялар орнатылды. Каналдар мен арықтар механикалық тазартудан өтті.
Атақоныс ауылында 69 млн теңгеге фельдшерлік пункттің құрылысы басталды, тағы екі елді мекенге ФАП салу ұсынылған. Сарыжылғада 200 орындық мектептің жобасы әзірленіп жатыр.
Спорт және мәдениет нысандарын салу жұмыстары да қолға алынған: бірнеше ауылда футбол алаңдары салынады, Ошақты ауылындағы спорт кешенінің құжаттары дайын.
2025 жылы 12,2 шақырым жолға асфальт, 12,4 шақырым көшеге шағал тас төселмек. Әкім брифингте барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, жобалардың іске асу мерзімдерін түсіндірді.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі