КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТӘРТІПТІК ТАЛАПТАР ҚАТАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТӘРТІПТІК ТАЛАПТАР ҚАТАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТӘРТІПТІК ТАЛАПТАР ҚАТАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Бақтияр Абдрахманов Қошқарата ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен қабылдап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталды.
Жиын барысында округ әкімдігінің қызметінде орын алған бірқатар кемшіліктер сынға алынды. Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан тәртіптік талаптардың орындалу деңгейі жіті сараланып, қызметтік міндеттерге салғырт қарау, ұжым ішіндегі өзара түсініспеушіліктер, әдеп нормаларын бұзу секілді жайттар қатаң сынға ұшырады. Тәртіп бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі тиісті тәртіптік кеңестерде қаралатыны жеткізілді.
Бақтияр Абдрахманов өз сөзінде мемлекеттік қызметкер – халыққа адал қызмет ететін, жоғары жауапкершілік иесі екенін баса айтты. Ол әсіресе ұжым арасындағы қарым-қатынастағы мәдениет пен сыпайылық, өзара сыйластықтың маңызын айрықша атап өтті. Қызметтік қатынастарда кикілжіңдерге жол берілмеуі тиіс екенін және мұндай жағдайларға мүлде төзбеушілік танытылатынын қатаң ескертті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарына сай жұмыс істеуі, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жұмыс уақытының тиімді пайдаланылуы секілді мәселелер кеңінен қамтылды.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі