Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!

Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!
Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ветеринария қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ветеринария саласы – қоғам өмірінде ерекше орын алатын, жануарлар денсаулығын сақтау арқылы адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін аса маңызды бағыт.
Бұл салада жұмыс істеу – жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті, табандылық пен жанашырлықты талап етеді.
Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы – экономиканың негізгі салаларының бірі. Осы салалардың тұрақты дамуы сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің нәтижесі екенін ерекше атап өткім келеді.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа табыстар тілеймін. Еңбектеріңіз ел игілігі үшін әрдайым жемісті болсын!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев