МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН ЖАРЫҚТАНДЫРУ: 2025–2027 ЖЫЛДАРЫ БІРТІЛЕКТЕ НЕ САЛЫНАДЫ?
Келес ауданына қарасты Біртілек ауылдық округіндегі елді мекендерде 700 метр аумаққа 250 түп ағаш отырғызылып, қоршау істелді. Ауыл шаруашылығы саласында 3520,8 га жерге егіс егілді, 6 жаңа техника алынып, тамшылатып суару көлемі жоспардан 2 есе артық орындалды. Бұл туралы округ әкімі Бақтияр Нұрымбетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте мәлімдеді.
Округ құрамында 12 елді мекен, 22 645 халық бар. Әлеуметтік инфрақұрылымда 9 мектеп, 11 медициналық мекеме, 17 балабақша, 5 кітапхана, 3 ауыл клубы мен 42 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Округ әкімінің мәлімдеуінше Амангелді және Жолбасшы ауылдарында жаңа спорт алаңшалары салынып, Біртілектегі бұрынғы алаң ағымдағы жөндеуден өткен. Шырылдақ ауылында 3200 метр жолға шағал тас төселді, көше жарықтандыру жұмыстары 9 шақырым аумақта жүргізілді. Игілік пен Көлтоғанда жаңа фельдшерлік пункттер құрылысы жүріп жатыр.
Игілік елді мекеніндегі жер учаскесіне инфрақұрылым тартылып, 34,7 гектар жер жер кезегінде тұрған азаматтарға беруге дайындалуда. Амангелді ауылында аялдама салынып, Біртілекте су науасы салынды. Жабай төбедегі апатты көпірді қайта жөндеу басталды. Біртілек ауылында 300 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды. Көлтоғанда 200 орындық мектеп құрылысы басталмақ. Шұқырсайда 3 дана билборд орнатылып, округ бойынша 38 үгіт-насихат құралы жаңартылды.
Салық түсімі 203 пайызға орындалып, 77 118,7 млн теңге түсті. Әлеуметтік көмекке 173 азамат жүгініп, 61 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 38 адам тартылды. Әскерге шақыру жоспары толық орындалып, 27 жас азамат әскер қатарына жіберілді. Жастармен 30-дан аса түрлі шаралар мен кездесулер ұйымдастырылды.
2025–2027 жылдарға арналған даму жоспарына мәдениет үйі, жаңа мектептер, спорт алаңшалары, жарықтандыру мен аяқжол салу, 38,6 шақырым каналдарды тазалау, ауылішілік жолдарды жөндеу, интернет байланысын жақсарту жұмыстары енген.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі