КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНҒАН АЙТУЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНҒАН АЙТУЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНҒАН АЙТУЛЫ ЖИЫН ӨТТІ
Келес ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Даурен Сариев жүргізіп, «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысына төрағалық етті.
Отырыста жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ерте жүктілік және суицидтің алдын алу сынды өткір мәселелер кеңінен қозғалды. Даурен Сариев бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін беріп, нақты шаралар қабылдау керектігін баса айтты.
Бірінші болып сөз алған полиция майоры Эльмира Есенқұлова ауылдық округтердегі құқық бұзушылықтың алдын алу, панасыз балалар мен қауіпті аймақтарда атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды «Абай» аудандық ауруханасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Назира Бердібекқызы таныстырып, ерте жүктілік пен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Білім саласы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Насыр Сманов сөз сөйлеп, педагог-психологтардың көмегімен жүзеге асқан алдын алу шаралары мен мектептердегі психологиялық қолдау жүйесінің нәтижесін баяндады.
Жиын барысында комиссия мүшелері ұсыныстарын білдіріп, ортақ мәселелерге қатысты пікір алмасты. Нәтижесінде нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі