Құрметті су шаруашылығы саласының қызметкерлері!

Құрметті су шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Құрметті су шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Сіздерді 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Су ресурстары – ел экономикасы мен халық тұрмысының негізгі тіректерінің бірі. Осы маңызды салада еңбек ететін сіздердің атқарып жүрген жұмыстарыңыз – аграрлық сектордың, өнеркәсіптің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрақты дамуына зор үлес қосып келеді.
Келес ауданы үшін суармалы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуда су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі ерекше маңызға ие. Аудан аумағында су көздерін тиімді пайдалану, ирригациялық жүйелерді жақсарту және сумен қамтамасыз ету бағытындағы қажырлы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.
Сіздердің біліктілік пен жауапкершілікке негізделген еңбектеріңіз халық игілігіне қызмет етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.
Осы кәсіби мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және берекелі ғұмыр тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігі үшін жемісті болсын!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев