КЕЛЕС АУДАНЫНДА ІРІ АУЫЗ СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ІРІ АУЫЗ СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ
КЕЛЕС АУДАНЫНДА ІРІ АУЫЗ СУ ҚОЙМАЛАРЫ САЛЫНАДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бастамасымен ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында ауданда екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар аумақта 20 000 м³ су қоймасы, ал Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумақта 600 м³ су қоймасы салынатын болады.
Аталған құрылыс жұмыстары «Түркістан облысы Келес ауданы елді мекендері үшін су жинау имараты мен жеткізуші су құбырларының құрылысы» жобасы аясында жүзеге асады. Жобалау-сметалық құжаттаманы «МПК Проект» ЖШС әзірлеуде.
Жоба іске қосылған жағдайда, Абай ауылы мен оған іргелес екі ауылдық округтің 25 000 тұрғыны тәулік бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтылатын болады. Қазіргі таңда Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 64-і ауыз сумен қамтамасыз етілсе, бұл жалпы халықтың 88,4%-ын құрайды. Қалған 19 елді мекендегі мәселе кезең-кезеңімен шешілуде, оның ішінде 14 ауылда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жаз мезгілінде су тұтыну көлемінің артуына байланысты Абай ауылындағы су тапшылығы байқалған мөлтек аудандарға арнайы кесте бойынша су тасушы көліктермен ауыз су жеткізіліп отыр. 4-аумақтағы су тазартатын модульді құрылғылар толық жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Тағы қосымша ауыз су шықпайтын нүктелерде 2 су тазартатын модуль салу жоспарлануда.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі