Келес ауданында Ұлттық Домбыра күніне орай ұлттық рух пен өнерді дәріптеген «Ұлттың жаны – Домбыра» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-бабадан мирас болып қалған киелі аспапты ұлықтап, жас ұрпаққа оның маңызын ұғындыру, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау болды.
Шара аясында қатысушылар назарына домбыраның шығу тарихы мен ұлттық өнердегі орны туралы бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ, күй өнерінің аса көрнекті өкілдері – Құрманғазы, Дина, Тәттімбет сынды күйшілердің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы тағылымды мәліметтер берілді.
Кеш барысында аудан жастары мен оқырмандар домбыра туралы өлеңдер оқып, ұлттық аспапқа деген құрметтерін білдірді. Домбыраның күмбірлеген үнімен орындалған күйлер көрермендердің көңілінен шығып, кештің шырайын кіргізді.
Сонымен қатар, кітапхана қабырғасында «Домбыра – ұлттың, бірегейліктің бойтұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына домбыра өнеріне арналған әдебиеттер мен зерттеу еңбектері ұсынылды.