КЕЛЕС: АБАЙДАҒЫ ЖАТАҚХАНА ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

КЕЛЕС: АБАЙДАҒЫ ЖАТАҚХАНА ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
КЕЛЕС: АБАЙДАҒЫ ЖАТАҚХАНА ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан тұрғындарға арналған жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды.
Аталған мәселе тұрғындардың аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевқа жолдаған өтініштері негізінде көтерілген болатын. Халықтың талап-тілегіне орай, нысанды жаңғыртуға қажетті қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мердігер мекеме де анықталды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахманов арнайы нысан басына барып, алдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ол мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
— Бұл бастама – тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Құрылыс жұмыстарының кешіктірілмей басталуы және сапалы орындалуы – басты талап. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғимаратты уақытша босату қажет. Сонымен бірге, нысан айналасын абаттандырып, заңсыз құрылыстарды жою жұмыстарын жүргізу тапсырылды, – деді Бақтияр Абдрахманов.
Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың айналасын абаттандыру, көріктендіру шаралары қолға алынып, заңсыз салынған құрылыстарды жою жұмыстары да жүргізілмек.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі