КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ САЛЫНУДА
Келес ауданының орталығы – Абай ауылында мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыру, патриоттық рухты нығайту мақсатында жаңа рәміздер алаңы бой көтеруде. Қазіргі таңда Асан Қайғы көшесінің бойында аталған алаңның құрылысы қызу жүріп жатыр.
Аудан әкімінің аппараты басшысы Бақтияр Абдрахманов рәміздер алаңының құрылыс барысымен арнайы танысып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасына және белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, жауапты мердігер ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Нысан маңын абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру сынды жұмыстар да тиісті бақылауға алынатыны жеткізілді.
Сапар барысында аппарат жетекшісі М.Артықов көшесінде орналасқан ескі рәміздер алаңын жаңарту бойынша да ұсыныстар беріп, оны жаңғырту жұмыстарын жоспарлы түрде іске асыруды жауаптыларға тапсырды.
Жобаның жүзеге асуы – аудан келбетіне көрік беріп қана қоймай, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуға бағытталған игі қадамдардың бірі болмақ.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі