КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІК ӘКІМІ САБИТ БОТБАЕВ ҚАЙТА СЕНІМГЕ ИЕ БОЛДЫ

КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІК ӘКІМІ САБИТ БОТБАЕВ ҚАЙТА СЕНІМГЕ ИЕ БОЛДЫ
КЕЛЕС: ЖҮЗІМДІК ӘКІМІ САБИТ БОТБАЕВ ҚАЙТА СЕНІМГЕ ИЕ БОЛДЫ
2025 жылғы 29 маусымда өткен әкім сайлауы нәтижесінде Сабит Ботбаев Жүзімдік ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды. Халықтың сенім мандатын иеленген әкім округ тұрғындарының жарқын болашағы үшін жұмысты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы сайланған округ әкімі Сабит Ботбаевты ұжымға таныстырып, алдағы жұмыс бағытына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, округтің инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жастар саясаты мен әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
— Бүгінгі күннің басты талабы – халықпен тығыз байланыс орнатып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. Сайлау – халықтың сенімі. Енді осы сенімді ақтап, нәтижелі жұмыс атқару керек, — деді аудан әкімі.
Сабит Ботбаев еңбек жолын 1988 жылы бастап, осы уақытқа дейін түрлі жауапты қызметтерде абыроймен еңбек етіп келеді. Ол 2021 жылдың 3 тамызынан бастап Жүзімдік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі