КЕЛЕС: ӘБДІЖӘМІЛ СЕРІКБАЕВ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

КЕЛЕС: ӘБДІЖӘМІЛ СЕРІКБАЕВ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
КЕЛЕС: ӘБДІЖӘМІЛ СЕРІКБАЕВ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 29 маусымда өткен сайлау нәтижесінде Әбдіжәміл Серікбаев Бірлік ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды. Сайланған әкімді округ тұрғындарына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ресми түрде таныстырды.
Аудан әкімі ауыл әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарына жедел жауап беру, инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі түрде жалғастыру, ауылдың тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету, жастармен жұмыс істеуді жандандыру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту тапсырылды.
Әбдіжәміл Серікбаев бұл тапсырмаларды толық орындауға дайын екенін айтып, тұрғындардың сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол басталған жұмыстар жалғасын табатынын және ауылдың өркендеуі жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.
Әбдіжәміл Серікбаев 2021 жылдан бері Бірлік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Басшылық еткен жылдары ауылда жол жөндеу, жарықтандыру, абаттандыру, ауызсу жүйелерін жаңарту және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында бірқатар істер атқарылды.
Ол үш жоғары білімге ие. Инженер, қаржыгер және заң ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік және жеке секторда түрлі жауапты қызметтер атқарған тәжірибелі маман.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі