КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ

КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
КЕЛЕСТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан әкімі ашып, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аудару қажеттігін атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес алғашқы баяндама жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Димаш Тоғызбаевқа берілді. Ол ауылдық округтердегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, панасыздық, сондай-ақ аудан аумағындағы қауіп-қатері жоғары аймақтарда жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.
Келесі болып «Абай» Келес аудандық ауруханасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Назира Бердібекқызы сөз алып, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Жиын соңында аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Насыр Сманов сөз сөйлеп, педагог-психологтардың қатысуымен суицидтің алдын алу бойынша ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ол мектептердегі психологиялық қолдау жүйесінің маңыздылығына тоқталды.
Комиссия мүшелері баяндамалар негізінде пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Жиын нәтижесінде бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі