КЕЛЕС: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

КЕЛЕС: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
КЕЛЕС: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Полиция қызметкерлері күніне орай Келес ауданында салтанатты жиын өтті. Құқық қорғау саласының қызметкерлеріне арналған бұл мерекелік шара ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларын ұлықтауға арналды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев сөз сөйлеп, қоғам қауіпсіздігі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
— Полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегі – бейбіт өмір мен тұрақтылықтың кепілі. Қоғамдағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі сіздердің тынымсыз қызметтеріңіздің нәтижесі, – деп атап өтті аудан басшысы.
Іс-шара аясында бірқатар полиция қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев пен Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы да өз аттарынан алғыс хаттар мен құттықтауларын табыстады.
Мерекелік жиын соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Салтанатты шара аудан тұрғындарының құқық қорғау қызметкерлеріне деген құрметі мен сенімінің айғағына айналды.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі