КЕЛЕС: ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛАДЫ

КЕЛЕС: ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛАДЫ
КЕЛЕС: ҚОҚЫСҚА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛАДЫ
Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, Атақоныс ауылындағы рұқсатсыз қоқыс төгілген аумаққа тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара ауылдың санитариялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қолға алынды. Тазалық жұмыстарына округ әкімдігі, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары белсенді атсалысты.
Сонымен қатар, округ аумағында тұрмыстық қалдықтарды бейберекет тастау деректерінің жиілеп кеткені анықталуда. Осыған байланысты ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Әсіресе, қоқысты ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтар мен аулаларға, сондай-ақ арнайы белгіленбеген жерлерге тастауға қатаң тыйым салынатыны ескертілуде.
Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаған азаматтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, тиісті әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі