КЕЛЕС: ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ КҮНІНЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

КЕЛЕС: ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ КҮНІНЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
КЕЛЕС: ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ КҮНІНЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ
Келес ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен тәртіп апталығы» шеңберінде «Табиғатқа қамқорлық жасау» күніне орай аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауылдық округтердегі арнайы белгіленген аумақтарда шөптер шабылып, көше бойындағы арық-атыздар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сонымен бірге егілген ағаштарға күтім жасалып, аялдамалар мен қоғамдық орындар тәртіпке келтірілді.
🌱 Сенбілік тек қана санитарлық тазалықпен шектелмей, тұрғындар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды экологиялық қадам болды.
📌 Аталған бастама аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен өтті және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруда үлкен рөл атқарды.
✅ Алдағы уақытта да мұндай ауқымды акциялар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі