Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – халық пен билік арасындағы сенімді көпір, қоғамның айнасы, елдің естір құлағысыздар. Жаңалықтың жаршысы болып, елдің шынайы өмірін көрсетіп, маңызды мәселелерді көтеріп келесіздер. Бұл — үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті қажет ететін сала.
Сіздердің қаламдарыңыз — әділдік пен ақиқаттың құралы. Еңбектеріңіз бағалы, істеріңіз құрметке лайық.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Жәнібек Ағыбаев,
Келес ауданының әкімі