КЕЛЕС: РУХАНИ БАҒЫТТА СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС: РУХАНИ БАҒЫТТА СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС: РУХАНИ БАҒЫТТА СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлеповты ресми қабылдады. Кездесуге ауданның бас имамы Айдарәлі Садықов та қатысты.
Кездесу барысында діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында имандылық пен отансүйгіштікті насихаттау, сондай-ақ мешіттер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы діни ахуалдың тұрақты екенін айтып, имамдардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.
— Мемлекет пен дін өкілдерінің бірлескен жұмысы ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде аса маңызды. Халықты ізгілікке, тәрбие мен бірлікке үндейтін имамдардың еңбегін жоғары бағалаймыз, — деді аудан басшысы.
Өз кезегінде Ержан Төлепов көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдіріп, ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді. Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттыру бағытында жүргізілетін шаралар туралы ой бөлісті.
Кездесу жылы жүздесу форматында өтіп, тараптар алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі