Полиция Заң мен Тәртіпті қорғауда

Полиция Заң мен Тәртіпті қорғауда

Ішкі істер министрлігі жарияланған құқық бұзушылықтың алдын алу жылы шеңберінде «Полиция Заң мен Тәртіпті қорғауда», сондай-ақ идеологияны ақпараттық сүйемелдеу және алкогольге тәуелділіктің алдын алу мақсатында 2025 жылдың маусым айының 26-шы жұлдызы күні «Алкогольсіз күн» атты ауқымды акциясы өткізілді.

Акция барысында міндеттер; бөлім басшылығы мен жеке құрам қызметкерлеріне аудан көлемінде қауіпіздік мәселелерін шешу үшін жұртшылықты жеке профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға оның ішінде «Ақсақалдар» медиа сала өкілдері, қоғам қайраткерлері, еріктілер, белгілі спортшылар, әкімдіктермен бірлесіп спирттік ішімдіктерді тұтынудан бас тартқан ауылдарды ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік жерлерде жұртшылықты тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын жарялау мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Акция барысында атқарылған жұмыстар; аудан аумағында алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабымен әкімшілік шара көру 118 хаттама толтырылған.

Қазіргі таңда, Біртілек а/о Аққорған, Игілік,  Шуқырсай, Қошқар-ата а/о Байтерек, Алғабас, Мақташы, Аманжар елді мекенінің ауыл билері мен ақсақалдарының ұйытқы болуымен ауыл іргесінде спирттік ішімдік сатудан бас тартып, нәтижесінде бұл ауылдарда соңғы 1 жыл көлемінде қылмыстар азайған. Ендігі кезекте аталған бастаманы қолдап, Алпамыс а/ә Қошқар-ата ауылы да ізгілікті шараны жалғастыруға ниет білдіруде бөлім басшылығы тарапынан бақылауға алынды.