КЕЛЕС: ТАЗАЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА
Келес ауданында тазалық пен тәртіпке ерекше мән берілуде. Аудан орталығы Абай ауылында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары күнделікті түрде атқарылып келеді. Бұл жұмыстарды арнайы кесте бойынша «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрақты түрде жүргізуде.
Ауыл ішіндегі орталық көшелер бойындағы арықтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жол жиегіндегі шөптер шабылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар егілген гүлдер мен көгал көшеттері суарылып, оларға тұрақты күтім жасалуда.
Тазалық жұмыстарына қоғамдық жұмысшылар мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға жеткізіліп, санитарлық талаптарға сай жойылуда. Айта кетейік, тазалық – тек көріктілік емес, бұл тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірі үшін маңызды шарт. Ауданның көркеюіне әрбір тұрғынның үлесі зор.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі