КЕЛЕС: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

КЕЛЕС: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
КЕЛЕС: САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Келес ауданы аумағында жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен және құқық қорғау органдарының қолдауымен «Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік» атты кең ауқымды профилактикалық акция өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акция аясында облыс орталығы мен аудандарда көлік құралдарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында, көшелер мен аялдамаларда, саябақтар мен халық көп шоғырланатын басқа да орындарда ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында мамандар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, қауіпсіздік талаптары, шұғыл жағдайларда әрекет ету ережелері туралы баяндап берді. Сонымен қатар, күдікті заттар мен адамдар анықталған жағдайда қандай іс-қимыл жасалу қажеттігі, қандай нөмірлерге хабарласу керектігі секілді маңызды ақпараттар берілді.
Тұрғындармен тікелей сұхбаттар ұйымдастырылып, қауіпсіздікке қатысты өзекті сұрақтарға жауап берілді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы да қауіпсіздікке бағытталған бейнероликтер мен жадынамалар кеңінен таратылды. Арнайы дайындалған парақшалар мен брошюралар тұрғындарға үлестіріліп, әрбір азаматтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға септігін тигізді.
Аталған акция қоғам мүшелерінің құқықтық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздікке деген сергек көзқарасын қалыптастыруға бағытталды. Алдағы уақытта да осындай алдын алу шаралары жүйелі түрде жалғасатын болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі