Келесте құқықтық мәдениетті арттыруға арналған қоғамдық қабылдау өтті

Келесте құқықтық мәдениетті арттыруға арналған қоғамдық қабылдау өтті
Келесте құқықтық мәдениетті арттыруға арналған қоғамдық қабылдау өтті.
Қазақстан Президентінің бастамасымен әзірленген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында Келес ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев және облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен құралған мобильді топ қатысты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және халықпен ашық диалог орнату.
Тұжырымдама аясында құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту, құқықтық оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және заңнамаға өзгерістер енгізу көзделген. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Игі бастама Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүзеге асырылып, құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі