Елімізде 2025-2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы» бекітілді.

Елімізде 2025-2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы» бекітілді.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Елімізде 2025-2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы» бекітілді.
Құжат қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
Тұжырымдамада халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, қазіргі құқықтық жағдайға талдау жасалып, заң мен тәртіп идеологиясын дамыту жолдары айқындалған.
Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 2025 жыл 24 маусым сағат 11:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарының бірлескен бастамасымен құрылған мобильді топтың қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтеді.
Қоғамдық қабылдауға барлық аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз.