Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді 23 маусым – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері! Сіздерді 23 маусым – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері!
Сіздерді 23 маусым – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – еліміздің тыныштығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларына деген құрметтің белгісі. Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз – үлкен жауапкершілікті, ерлік пен табандылықты талап ететін қиын да абыройлы міндет.
Сіздер қоғамымызда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, заң үстемдігін сақтап, ел ішінде тұрақтылықтың орнауына зор үлес қосып келесіздер. Әрбіріңізге көрсетіп жатқан қайсарлығыңыз бен жанқиярлығыңыз үшін алғыс білдіремін.
Қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, ел тыныштығы жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев