Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – бұл ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етіліп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сәтті жүзеге асуда.
Әрбір азаматтың мүддесін қорғап, заң мен әділеттілікті басшылыққа алып қызмет ету – Сіздер сияқты білікті, іскер әрі адал мамандардың қолынан ғана келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – мемлекетіміздің мызғымас тірегі.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін. Елімізге адал қызмет етіп, халықтың сенімінен шығуға жазсын!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев