КЕЛЕС АУДАНЫНДА 8000 АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 8000 АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ
КЕЛЕС АУДАНЫНДА 8000 АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІК ӨТТІ
Келес ауданында қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты насихаттауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан көлеміндегі мекемелер мен ұйымдар, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар және еріктілер белсенді түрде қатысты. Жалпы сенбілікке 8000-нан астам адам тартылды.
Тазалық жұмыстары аудан аумағындағы елді мекендер мен демалыс орындарында, қоғамдық аумақтар мен жол бойларында жүргізілді. Сенбілік барысында 18 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10 тоннаға жуық тұрмыстық және қатты қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Ауқымды экологиялық шараның өткізілу барысын аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өзі қадағалап, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, туған өлкені таза ұстауға шақырды. Ол өз сөзінде мұндай игі бастамалардың қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Аталған сенбілік тек қана тазалық шарасы ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік мәні зор іс-шара болды. Алдағы уақытта да осындай экологиялық акциялар тұрақты түрде өткізілетін болады.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі