Құрметті балалар, ата-аналар және педагогтар!

Құрметті балалар, ата-аналар және педагогтар!

Құрметті балалар, ата-аналар және педагогтар!
Бүгін барша әлемде баланың құқығы мен бақытты балалық шағын қорғауға арналған ерекше күн – Халықаралық балаларды қорғау күні! Бұл күн – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі болатын ұрпаққа деген ерекше қамқорлық пен сүйіспеншіліктің белгісі.
Балалар – қоғамның ең қымбат қазынасы, олар біздің арман-үміттеріміздің жалғасы, еліміздің жарқын болашағы. Сол себепті, әрбір баланың өмірінде қуаныш пен шаттық, білім мен тәрбиенің үздік үлгісі болуына бар күшімізді жұмсап, олардың болашағын бүгіннен бастап қалыптастыруымыз қажет.
Келес ауданының әкімі ретінде, мен әрбір баланың сапалы білім алуы, қауіпсіз ортада өсуі үшін барлық жағдайды жасауға жауаптымын. Біз балаларымыздың құқығын қорғау, оларға лайықты өмір сүру үшін тиісті шараларды қолға алып, келешек ұрпақтың толыққанды дамуына жағдай жасауға күш салудамыз. Жыл сайын балаларды жазғы сауықтыру шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеміз. Биыл меншік нысанына қарамастан 63 білім беру мекемесінің жанынан 1–4 сыныптарда оқитын 14 785 баланы 100% жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамту жоспарланған.
Барша балаларымызға денсаулық, бақыт, жетістіктер мен армандардың орындалуын тілеймін! Осы күннің мән-мағынасы әрбір үйде бейбітшілік пен қуаныш, барша әлемде мейірім мен сүйіспеншілік болсын!
Құрметпен,
Жәнібек Ағыбаев,
Келес ауданының әкімі