КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІН АБАЙ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІН АБАЙ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІН АБАЙ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
 
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан халқымен есепті кездесулер өткізуді табысты аяқтады. Кездесулер барлық ауылдық округтер мен елді мекендерді қамтып, қорытынды жиын аудан орталығы – Абай ауылында өтті.
 
Аудан басшысы 2024 жылдың қорытындылары мен 2025 жылдың алғашқы үш айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге кеңінен тоқталды. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар нақты деректермен баяндалды.
 
Әкім халықтың сұрақтарына ашық жауап беріп, тұрғындар көтерген бірқатар мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, мектеп пен медициналық мекемелердің жай-күйі, жастарды жұмыспен қамту сынды бағыттарға баса назар аударылды. Кездесу соңында тұрғындар өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.
 
Айта кетейік, бұл кездесулер елімізде қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асып жатқанын айғақтайды. Аудан басшысы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жалғастырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бар күшін салатынын жеткізді.
 
✔️ Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі