ДЕПАРТАМЕНТПЕН 29 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ДЕПАРТАМЕНТПЕН 29 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
ДЕПАРТАМЕНТПЕН 29 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
 
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен атқарылуда.
 
Департаменттің ықпалымен жыл басынан 78 азаматтың құқығы қалпына келтірілген. Оның ішінде, сыртқы байқау қорытындысымен (ақпараттық жүйе арқылы) 40 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген.
Өз кезегінде, өткен жылмен салыстырғанда арыздардың түсу динамикасы 50%-ға жоғарылаған. Бұл, азаматтардың Департаментке деген сенімін көрсетеді.
 
Мәселен, Түркістан қаласының тұрғындары жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындаудан бас тартылғаны туралы Департаментке арызданған.
 
Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы
1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» қағидасымен реттеледі.
 
Аталған ұжымдық арызды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Департаментпен тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
 
Анықталғандай, қызмет алушылармен 2024 жылдың шілде айында өтініштер беріліп, қызмет көрсетуші тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, қызмет көрсетуден бас тартылған.
Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде, қызмет алушылармен қайта өтініш беріліп, Департаменттің ықпалымен мекеме тарапынан қызмет нәтижесі ұсынылды.
 
Осылайша, қызмет алушыларың бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ