Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – халқымыздың рухани байлығын сақтау мен насихаттауда, салт-дәстүрімізді дәріптеуде, жастарды тәрбиелеуде өте маңызды. Өнер мен мәдениет – қоғамға жарық сыйлайтын үлкен күш. Ал сол саланың алдыңғы шебінде жүрген Сіздердің жұмыстарыңыз – әрдайым құрметке лайық.
Сіздер елдің рухын көтеріп, халық пен тарихты байланыстырып отырған үлкен күштің иесісіздер. Сахнада болсын, сахна сыртында болсын, әрқайсыңыздың атқарып жатқан ісіңіз – ел үшін аса бағалы.
Осы мерейлі күнде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, өмірлеріңізге шаттық тілеймін! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, шабыттарыңыз шарықтай берсін!
Ізгі ниетпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев