КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТАДА ЖОЛ САЛЫНДЫ, МЕКТЕП АШЫЛДЫ, ГАЗ ТАРТЫЛДЫ

КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТАДА ЖОЛ САЛЫНДЫ, МЕКТЕП АШЫЛДЫ, ГАЗ ТАРТЫЛДЫ
КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТАДА ЖОЛ САЛЫНДЫ, МЕКТЕП АШЫЛДЫ, ГАЗ ТАРТЫЛДЫ
 
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округіне жұмыс сапарымен келіп, округ тұрғындарымен ашық кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы атқарылар жұмыстар туралы кеңінен баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
 
Өткен жылы Қошқарата ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Жалпы 4997 гектар ауылшаруашылық мақсатындағы жер айдалып, түрлі дақылдар егілді. Атап айтқанда, 150 гектар бидай егіліп, әр гектардан 15 центнерден 225 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар, 200 гектар арпадан 280 тонна, 221 гектар бақшадан 5856,5 тонна өнім алынды.
 
Әлеуметтік инфрақұрылым саласында да ілгерілеушілік байқалды. Бесқұбыр елді мекеніндегі №25 С.Сейфуллин атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық жаңа ғимарат салынып, толық пайдалануға берілді.
 
Бесауыл елді мекенінде 1840 метр жол орта жөндеуден өткізіліп, асфальт төселді. Ұшқын елді мекенін газдандыру жұмыстары басталып, 2025 жылдың үшінші тоқсанында аяқталуы жоспарлануда.
Аманжар мен Алғабас елді мекендеріндегі көшелерге тас жол төселіп, Қошқаратада табиғи газ тарту жұмыстары басталды. Қошқарата мен Қарабура ауылдарында спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Аманжар, Жаңақоныс және Бесқұбыр елді мекендерінде ФАП ғимараттары салынып жатыр.
 
Биылғы жылы да ауқымды жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда, Бесқұбырдағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп, әкімшілік ғимаратының құрылысы басталмақ.
 
Алғабас, Жамбыл-1 және Бәйтерек елді мекендерінде балалар ойын алаңдары салынады. Жаңақоныс, Бәйтерек және 1 Мамыр елді мекендеріне фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП), Алғабас, Аманжар, Жамбыл-2 ауылдарына медициналық пункттер (МП) құрылысы жоспарланған.
 
Мектеп оқушыларының қауіпсіз қатынауы үшін Мақташы мен Алғабастан Аманжарға дейінгі екі бөлек жол бойынан аяжол салу жоспарланған. Жол жөндеу және шағал төсеу жұмыстары Ұшқын, Мақташы, Жамбыл, Жаңақоныс елді мекендерінде де жалғасын табады.
 
✔️ Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі