КЕЛЕС: ҰШҚЫНҒА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ

КЕЛЕС: ҰШҚЫНҒА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
КЕЛЕС: ҰШҚЫНҒА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНАДЫ
 
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы жетістіктер мен алдағы жоспарларды баяндады. Кездесу барысында аудан әкімі ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамаларды атап өтті.
 
Жәнібек Ағыбаев тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдық округтің даму бағыттары туралы пікір алмасты. Ол ауылдағы ауыз су, газ, электр қуаты және жол мәселелерін шешу бағытында маңызды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, болашақта жаңа мектептер мен мәдениет үйлерінің құрылысы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты жоспарлар бар екендігін жеткізді.
Ұшқын ауылдық округі 3858,50 гектар жер аумағын қамтиды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2193,21 гектарды құрайды. Округте 6925 адам тұрады және 980 тұрғын үй бар. Барлық 3 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, бірақ Ұшқын ауылындағы су жүйесі тозған. Бұл жүйені ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттар дайындалды. Достық ауылына Ащынау каналынан су тарту жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда.
 
Ұшқын ауылында табиғи газбен қамту 52%-ды құрайды. Достық және Қоралас ауылдарына газ тарту жұмыстары жүргізілуде, құрылыс құны 1,2 млрд теңге. Электр энергиясы мен жарықтандыру мәселелеріне байланысты, ауыл округі толықтай жаңа сапалы электр жүйесімен қамтылған, ал 2024 жылы Ұшқын ауылының бірнеше көшесі жарықтандырылды.
 
Автожолдарды жөндеу жұмыстарында 7 көшенің сметалық құжаттары дайындалды. Қоралас ауылында 5 шақырымға тас шағал төселіп, Ұшқын мен Қоралас ауылдарында бірнеше көшелер орта жөндеуден өтуде. Алдағы жоспарлар бойынша, Ұшқын ауылындағы ауыз су жүйесінің күрделі жөндеуі жүргізілетін болады, сметалық құжаттар дайын.
 
Сонымен қатар, Ұшқын ауылында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы үшін сметалық құжаттар дайындалып, қаржы бөлу үшін облыстық мәдениет басқармасына тапсырылды. Қоралас ауылындағы Бұқаржырау көшесіне жарықтандыру және аяқжол құрылысын салу жоспарланып отыр. Ұшқын ауылындағы 7 көшенің жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Кездесуде тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, ауылдық округтің дамуында маңызды рөл атқаратын мәселелерге қатысты пікірлерін білдірді. Аудан әкімі әрбір ұсынысқа жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты жоспарларымен таныстырды.
 
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі