КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ АРНАЙЫ РЕЙДТЕР БАСТАЛДЫ

КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ АРНАЙЫ РЕЙДТЕР БАСТАЛДЫ
КЕЛЕС: ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ АРНАЙЫ РЕЙДТЕР БАСТАЛДЫ
 
Түркістан облысының Келес ауданында заңсыз жолаушылар тасымалымен күресті күшейту мақсатында арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара Түркістан облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асып, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтың қатысуымен өткізілді.
 
Рейд барысында арнайы топтың бақылауында 4 автобус пен шағын автобустар тоқтатылып, олардың құжаттары толық тексерілді. Тексеру нәтижесінде екі қоғамдық көлік құжатының толық еместігі, атап айтқанда, олардың бағыттарының қозғалыс кестелері мен сызбаларының жоқтығы анықталды. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктердің жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзу деректері де тіркелді.
Құжаттық тексеру барысында ҚР ІІМ ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын планшеттер пайдаланылды. Бұл құралдардың көмегімен жолаушылар мен жүк тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, екі қоғамдық көлікке айыппұл салынды. Аталған құқықбұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
 
Айта кетейік, қоғамдық көлікке қатысты заңсыз әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке, сондай-ақ жолаушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіреді. Бұл рейдтер заңсыз тасымалдау әрекеттерінің алдын алу мен қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Мұндай рейдтердің нәтижесінде, заңға қайшы әрекет етуші көлік иелері мен жолаушылар тасымалдаушыларға қатысты заңды жауапкершілікке тартылатын болады.
 
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі