ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: “ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ АЙҚЫН БОЛУЫ ТИІС!”

ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: “ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ АЙҚЫН БОЛУЫ ТИІС!”
ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ: “ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ АЙҚЫН БОЛУЫ ТИІС!”
 
Келес ауданында үйірлі шегірткеге қарсы күрес бағытында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев зиянкестерге қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен арнайы барып танысты. Жұмыс барысын бағалап, жауапты мамандар мен сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
 
Аудан басшысы шегірткеге қарсы күресті күшейтіп, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын талап етті. Сонымен қатар, әр сектордағы ахуалды бақылап, жергілікті әкімдіктерге нақты міндеттер қойды.
Қазіргі таңда аудан аумағы 17 секторға бөлініп, шегірткеге қарсы шараларға 190 маман, «Болжам» орталығынан 27 қызметкер, 25 әкімдік өкілі және ауылдық округтерден 100 ерікті тартылған.
 
— Біз бір сәтке де босаңсуға болмайтын кезеңдеміз. Әр ауыл, әр шаруа қожалығы бұл күресте шет қалмауы керек. Жауапты қызметкерлер жұмысты ширатып, нақты нәтижеге жұмыс істеуі қажет, – деп атап өтті аудан әкімі.
 
Айта кетейік, бүгінгі таңда Келес ауданында 110 295,86 га жер шегірткеге қарсы өңделді. Оның ішінде 86 818,35 га техникамен, 23 220 га әуеден, 257,51 га ранцевый аппаратпен залалсыздандырылды.
 
✔️Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі