ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
 
Келес ауданында тұрғындармен кері байланысты күшейту, ауылдық жерлердегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында маңызды кездесу өтті. Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сүлеймен Жылқыбаев Бірлік және Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
 
Ауыл халқымен өткен кездесудің басты мақсаты — ел ішіндегі түйткілді мәселелерді жергілікті билік өкілдерінің назарына жеткізіп, шешу жолдарын нақтылау болып табылады.
 
Кездесудің басында Сүлеймен Жылқыбаев аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндап, даму бағыттарына тоқталды. Ол өз сөзінде инфрақұрылымды жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.
 
Кездесуде Бірлік және Ақтөбе ауылдық округінің әкімдері де өз округтерінде атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, халықпен ашық пікір алмасты.
 
Бірлік ауылдық округінің тұрғындары жайылым жердің тапшылығы, ауылішілік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі және шегірткемен күрес мәселелерін көтерсе, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғындары ағын судың жетіспеушілігі, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау қажеттігі мен инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қатысты сауалдарын жолдады.
 
Барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кейбір күрделі мәселелерді шешу үшін аудандық деңгейде жұмыстар қолға алынатыны жеткізілді.
 
Сүлеймен Жылқыбаев тұрғындардың әрбір ұсынысын назарға алып, “Халықпен ашық диалог — жергілікті басқарудың басты тетігі. Біз ел ішінде айтылған әрбір мәселені назардан тыс қалдырмаймыз. Тұрғындармен кері байланыс — шешім қабылдаудың басты негізі”, — деп атап өтті.
 
✔️Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі