2025 жылғы 26 қазанда өткен Келес аудандық мәслихатының
шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 26 қазанда №16 сайлау округі бойынша сайланған Келес аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3979 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2156 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 13 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№16 сайлау округі бойынша Келес аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Борибеков Ергали Сейтбековичке сайлаушылардың 1604 дауысы берілді;
Елемес Бақдаулет Бауыржанұлына сайлаушылардың 226 дауысы берілді;
Рысбек Рахат Нұрболатұлына сайлаушылардың 287 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 13.
Сайлау қорытындысымен №16 сайлау округі бойынша Келес аудандық мәслихатының депутаты болып:
1979 жылы туылған, №39 Л.Жолдасов атындағы ЖББМ директорының орынбасары, Борибеков Ергали Сейтбекович, Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, «Amanat» партиясынан ұсынылған.
Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы