Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінде ағымдағы жылдың 14 мамыр – 26 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2026 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында (1-қабат) өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын жария талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс:+7 700 325 05 60
Эл.почта:kelesakimat@mail.ru