ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 4 мәселе көтерілді:
1. Аудан көлемінде тері ауруының (дерматомикоз) алдын-алу шаралары
туралы;
2. Аудан бюджетінің атқарылуы және меморандум көрсеткіштердің 2025 жылға жоспары туралы;
3. Көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары туралы;
4. Аудан әкімінің 2024 жылғы халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді.
Атап айтқанда, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК директоры Асқар Сабденов, аудандық «Ветеринариялық инспекциясы» басшысы Асет Бектаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Кулизат Усипбекова баяндамалар жасады. Сондай-ақ, әр мекеме басшысы өз тараптарынан аудан көлемінде тері ауруының (дерматомикоз) алдын-алу бойынша қандай істер атқарып жатқанын және алдағы жоспарларын толық айтып өтті. Аудан әкімінің тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, атқарылмай жатқан істерді сын-ескертпе ретінде айтты. Ал, кейбір мәселелерде тиісті шараларды дер кезінде қолданбай жүрген мекемелерге заң талаптарына сәйкес айыппұлдар салу немесе қатаң жаза тағайындалу керегін айтып, тапсырмаларын берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының аудан бюджетінің атқарылуы және меморандум көрсеткіштердің 2025 жылға жоспары туралы баяндамасын тыңдап, бюджет атқару барысында кеткен кейбір кемшіліктердің себептерін анықтап, осы жылы сол кемшіліктерді жібермеудің алдын алу шараларын қолдану керегін айтып өтті.
Ал, күн тәртібіндегі келесі мәселе, көктемгі су тасқынының алдын-алу шаралары бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Дінмұхаммед Талипбаев жан-жақты баяндама жасап, қауіпті аймақтарды атап, кейбір каналдар, үлкен арықтарды қазу жұмыстарын, қауіпсіздік шараларын жүргізуді ұсынды. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы мәселенің өзектілігін баршаға қатаң ескертіп, барша қауіпті аймақтарды, жасанды су қоймаларын, үлкен каналдарды әрдайым бақылауда ұстауға, барша ауыл округтерде ауа райына байланысты арық-атыздарды тұрақты тазалықтан өткізіп отыруға ауыл әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына тапсырмаларын берді.
Мәжілістің күн тәртібіндегі соңғы мәселе, аудан әкімінің 2024 жылғы халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев жасаған баяндамасына жеке-жеке тоқталып, атқарылмаған тапсырмаларды сынға алды. Сондай-ақ, аудан халқының кездесуде айтылған өтініштерінің ешбірі елеусіз қалмауы керек екенін тілге тиек етіп, көтерілген әр мәселені шешуге уақыт белгілеп, тиісті ауыл округі әкімдері мен бөлім-мекеме басшыларына нақты тапсырма жүктеді.
© Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі