«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МАҚСАТЫМЫЗ ЭКОМӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МАҚСАТЫМЫЗ ЭКОМӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Қазығұрт ауданы көлемінде саябақтар мен скверлерде, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың бойында, жасыл аймақтарда, әрбір мекеме аулаларында қоқыстан тазарту, гүлдер мен ағаш көшеттерін отырғызу, шөп ору, әктеп-әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Құрметті тұрғындар! Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде абаттандырып отыруға және тазалықты насихаттауға шақырамыз!
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі