ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНДЕУ !!!

ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНДЕУ !!!
 
Құрметті Қазығұрт ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Өздеріңізге белгілі, 6 сәуірден бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика деңгейінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып жатыр. 5 апта уақытқа жоспарланған акция барсында мемлекеттік қызметкерлердің, аудан жастарының, белсенділер мен еріктілердің және басқа да қоғам мүшелерінің қатысуымен күнделікті сенбілік жұмыстар атқарылып жатыр.
Осы орайда, аудан тұрғындарынан елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсене ат салысып, экоакцияға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде абаттандырып отыруға және тазалықты насихаттауға, мүмкіндігі барынша өз бақшаларыңызды гүлдендіріп, үй қабырғаларын әрлеу жұмыстарын жүргізуге шақырамыз!
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі