«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ЖАҢАБАЗАРЛЫҚТАР 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ЖАҢАБАЗАРЛЫҚТАР 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ
 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл ауқымды акцияның 3-аптасы «Жасыл аймақ» деп аталып, апталық барысында елді мекенді қоқыстардан тазарту, ағаш көшеттерін отырғызу, әктеу және бұтау секілді шаралар атқарылып жатыр.
«Жасыл аймақ» экологиялық апталығы аясында Жаңабазар ауылы округінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындарынан жалпы саны 150 адам қатысты. Апталық барысында 500 түп ағаш көшеттері егілді. Ал, жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Жаңабазар ауыл округі бойынша 2160 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, тұю – 400, Катальпа – 450, айлант – 350, қарағаш – 960 көшет.
P.S.: Құрметті тұрғындар! Баршаңызды қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосып, көпшілік орталарда белгіленбеген жерге қоқыс тастамауға, тұрғын үйлеріңіздің аумағын тұрақты түрде абаттандырып отыруға және тазалықты насихаттауға шақырамыз!
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі