МАҚСАТ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

МАҚСАТ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
МАҚСАТ: ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Бүгін аудан орталығында орналасқан өнер мектебінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысының күн тәртібінде аудандағы 18 жасқа дейінгі балалардың денсаулық жағдай туралы және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды.
Атаулы жиынға комиссия мүшелері мен тиісті мекеме қызметкерлері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық орталық аурухана мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары және қызметкерлері баяндамалар жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап жүргізіліп, атаулы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі