«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АЛМАТЫ-ТЕРМЕЗ» ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АЛМАТЫ-ТЕРМЕЗ» ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қазығұрт ауданы әкімдігінің және еріктілердің ұйымдастыруымен аудан аумағына қарасты 33 шақырым «Алматы-Термез» тас жолының жиегіндегі тазалық жұмыстары өз жалғасын табуда. Атаулы акция барысында республикалық маңызы бар жол жиегіндегі қоқыстар тазартылып, ағаштарды ақтау және бұтау жұмыстары жүргізілді. Игілікті іс шараның жалғасы алдағы кезеңде де жалғасын табатын болады.