ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ
Гүл патшасы – қызғалдақ, біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Қазақ даласына әсемдік сыйлаған тамаша көрініс Түркістан облысы киелі Қазығұрт тауының бөктерінде кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ерекше көркімен дараланатын қызғалдақ гүліне, табиғат анаға құрметпен қарау мақсатында бүгін Қазығұрт ауданы Шанақ ауыл округінде «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» тақырыбында дала мерекесі атап өтілді. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараны ұйымдастыру соңғы он жыл ішінде аймағымызда дәстүрге айналған десек артық айтқандық болмас.
Бұл дала мерекесіне аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мәслихаттың депутаттары, Ардагерлер кеңесінің төрағасы және мүшелері, «Әжелер алқасы» мүшелері, белсенді жастар, ауыл тұрғындары мен бірқатар аудан қонақтары қатысты. Мерекелік шара барысында қазақы киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, ән-жырдан шашу шашылды. Сондай-ақ, арнайы фотосессиялар ұйымдастырылды.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі