Биыл аудан жастары үшін жемісті жыл болды. Түркістан облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – жыл көшбасшылары» жастар премиясы бауқауында ауданымыздың жастары Молдасапаров Айбек Мықтыбайұлы - «Үздік жас мұғалім», Әбілакімова Айдана Жасұланқызы - «Үздік жас блогер» номинацияларын жеңіп, ауданымыздың абыройын асқақтатса, аудандық «Жастар премиясы-2023» форумының үздіктерінің саны артып, 20 адамға табысталды. Үздіктерді марапаттау рәсіміне аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, барша жастарды құттықтады.
- Бүкіл ел жалындаған жастарға иек артады және сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де, алар асуы да өте көп болмақ. Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар қарқынды өсіп келе жатқан - өздеріңіз! Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі, Сіздерге тікелей байланысты. Алдарыңызда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңіздер. Жастарға жалқаулық, бейғамдық дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады, - дей келе аудан әкімі Азизхан Азимханұлы барша жастарға иеленген номинацияларын өз қолымен табыстады.
Ауданның әр түрлі саладағы 80 жас тұлғасынан өтінім келіп түсіп, арнайы құрылған комиссияның шешімімен төмендегі 20 жас үздік атанды:
1. «Үздік Жас спортшы» номинациясымен – Тұрсынқұлов Бекжан Нұрланұлы;
2. «Үздік Жас кәсіпкер» номинациясымен – Айтубаев Кәримжан Мошкалұлы;
3. «Үздік Жас дәрігер» номинациясымен – Дүйсебаева Алия Талғатқызы;
4. «Үздік Жас өндіріс маманы» номинациясымен – Шадымаханбет Ардақ Мырзахметқызы;
5. «Үздік Ерікті жас» номинациясымен – Оңалбай Асемай Нұрғалиқызы;
6. «Үздік Жас мұғалім» номинациясымен – Әбдез Нұрболат Даниярұлы;
7. «Үздік Жас полицей» номинациясымен – Мамыков Ұлықбек Еркинбайұлы;
8. «Үздік Еңбекші жас» номинациясымен – Тұрсынбек Бикелді Қалдыбекұлы;
9. «Үздік студент» номинациясымен – Абдразах Ақбілік Ленбайқызы;
10. «Үздік Қайырымды жас» номинациясымен – Абишов Самет Сейтжаппарұлы;
11. «Үздік жас актер» номинациясымен – Оразбек Алуа;
12. «Үздік Жас ақын» номинациясымен – Медеу Саят Бердалыұлы;
13. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясымен – Байтұрсынов Аймұханбет Жандарұлы;
14. «Үздік Жас әнші» номинациясымен – Бөрі Дарын Серікұлы;
15. «Үздік Депутат» номинациясымен – Көбеев Данияр Әбдімүтәліпұлы;
16. «Үздік Жас батыр ана» номинациясымен – Салықбаева Салтанат Оспанқызы;
17. «Үздік Жас пікірсайысшы» номинациясымен – Кендір Ақтоты Нұрғисақызы;
18. «Үздік Алтын жүрек» номинациясымен –Жұмаділәә Асылжан Құрманғазыұлы;
19. «Үздік Өзін-өзі басқару ұйымы» номинациясымен – Жақсыбай Аружан Сакенқызы;
20. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үздік маманы номинациясымен – Шарипхан Әлимжан Аділханұлы марапатталды.