Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Міне бүгін тағы бір жылдың жазғы кезеңі аяқталып, жаңа оқу жылына қадам басқалы отырмыз. Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуы және 1-қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін ұлағатты ұстаз бен оқуға құштар шәкірттердің қауышатын күні. Араға уақыт салып бүгін оқушылар алтын ұя мектебіне қайта оралып отыр. Ал, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер сыңғырлаған қоңырау үнін тыңдап таңырқауда.
Еңбектің ең үлкені – білім! Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі еліміздің болашағы да білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді.
Жыл сайын заманауи үлгіде мектеп пен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады.
Ардақты ұстаздар мен аяулы оқушылар!
Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен құттықтай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін!
Білім күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі Азизхан ИСМАИЛОВ