Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасына желі қолданушысы Tanzila-ның жолдаған сауалы бойынша төмендегіні хабарлаймыз:
Қазығұрт ауданы Рабат елді мекені Ақбура бұлақ көзінен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жаз айларында Ақбура бұлақ көзінің дебетінің азаюына байланысты су тапшылығы сезілуде. Қазіргі таңда Ақбура бұлақ көзінде 1000 кубтық 2-дана су резервуарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң тұрғындарға су берілу уақытын ұлғайту жоспарлануда.